
Заңды тұлғалардан «e-Otinish»-ке өтініш берудің 10 қадамы?
Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.
Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, “Нәтиже” бөліміне жүгінуге болады.
Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:
- https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту;
- Сервисте авторлану:
- Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі – Арыз);
- Қажетті мемлекеттік органның атауын енгізіңіз;
- Өтініш мәнін сипаттау;
- Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді);
- Нақты тұратын мекен-жайын көрсету;
- ЭЦҚ арқылы қол қою және жіберу;
- Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-qorgalykol/press/news/details/1048692?lang=kk
Жауап қалдыру