Павлодарда ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, дана ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлемдік руханият кеңістігінде Абай есімі ерекше құрметке ие, оның мол мұрасы – талай ұрпаққа шабыт пен парасаттың қайнар көзі.

Абайдың шығармалары – терең философиялық ойға, адамсүйгіштікке, халыққа деген риясыз махаббатқа толы. Ол білімге, еңбекке, рухани өсу мен кемелдікке үндейді. Бұл құндылықтар бүгінгі күннің де өзегінен орын алады.

Мерейтой қарсаңында ақын ескерткіші маңында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Өз сөзінде аймақ басшысы Абайдың асыл мұрасына құрмет көрсету – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, оның өнегелі өсиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, жүректерде жаңғырта білу – ел болашағы үшін маңызды екенін айтты.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1049284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді