
Ағымдағы жылғы 8 тамызда сырттай проактивті куәландыруды қамту үлесін арттыру мақсатында облыстың медициналық мекемелерінің ВКК төрағаларымен кеңес өткізілді.
Кеңесте МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы А. Ергазинова сырттай проактивті куәландыру бойынша сәйкес келетін және нақты қаралған өтінімдер арасындағы айырмашылықтардың себептеріне қатысты толық талдау ұсынды, азаматтарды МӘС-ке жолдаудың бірыңғай алгоритмі келісілді.
Сондай-ақ оқыту аясында қатысушыларға сырттай проактивті куәландыруға жататын кодтар бойынша әдістемелік материалдар мен жадынамалар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1049627?lang=kk
Жауап қалдыру