БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 16 тамызда Алматыда Республика сарайында

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің

өңірлік кезеңі өтеді

 

Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Іс-шара қазақстандық өндірушілерді қолдау және ілгерілету, шағын және орта бизнесті дамыту, отандық тауарларды тұтыну мәдениетін қалыптастыру және нарықты жоғары сапалы бәсекеге қабілетті тауарлармен молықтыру мақсатында өткізіледі.

 

Байқау үш атаудан тұрады:

  • Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар;
  • Халыққа арналған үздік тауарлар;
  • Үздік азық-түлік тауарлары.

Әр атаудан үш жеңімпаздан болады.

Осы жылы Алматыдағы үздік тауарлар байқауына қала өндірісінің түрлі салаларынан 63 компания қатысады.

 

Өңірлік кезеңінің жеңімпаздары республикалық финалға қатысу,      сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» құрметті атағына үміткер болу мүмкіндігінің құқығына ие болады.

Іс-шара қонақтарын ауқымды көрме, концерттік бағдарлама және марапаттау рәсімі күтуде.

 

«Қазақстанның үздік тауары» Ұлттық байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Сонымен қатар, көрме шеңберінде, «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасы бойынша жергілікті немесе ауқымды ресурстардан 40 алматылық тауар өндірушілерінің (шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкер өкілдері) жәрмеңкесі өтеді.

 

БАБӨ көрме-жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар 10 үздік өндірушіні таңдайды, олар әрі қарай өңірлік Бренд-комитетінің іріктеуіне қатысады.

 

БАБӨ жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы бойынша «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралының шеңберінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – бірегей жергілікті өнімдер (мысалы, бал, тосап, бренді және орамасы бар тоқыма бұйымдары, кәдесыйлар секілді) өндірісін, оның  ішінде, ауылдық жерлерде шағын бизнесті, колөнершілерді, әйел және отбасы кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ жалпы алғанда, өңірді, жұмыспен қамтуды және экспортты дамыту.

 

Күні және уақыты: 2025 жылғы 16 тамыз, сағат 11:00-20:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика Сарайы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp/press/news/details/1049757?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді