🔹Дөңши ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Дөңши ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

🔻8 тамыз 2025 жылы Дөңши ауылында жаңа заманға сай медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков, аудан прокуроры Қанат Бауыржанұлы Нұхаев және ауданның бірқатар құрметті қонақтары қатысты.

🔻Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлына беріліп, ол өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық жерлерде заманауи денсаулық сақтау нысандарының салынуы – халықтың өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

🔻Жаңа медициналық пункттің ашылуы Дөңши ауылының денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

🔻Ауыл халқы бұл қуанышты оқиғаға дән риза болып, жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңы аудандық көркемөнерпаздар ұжымының концертімен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1049791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді