Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12 тамызда Атырау облысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған шараға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының мамандары да белсене қатысты. Олар жәрмеңке барысында бірқатар бос лауазымдар туралы ақпарат ұсынып, өрт сөндіруші және жүргізуші мамандықтары бойынша кеңес берді.

Қатысушылар:
• Қызметке қойылатын талаптар жайлы білді
• Төтенше жағдай кезіндегі міндеттер мен дұрыс іс-қимыл әрекеттері туралы ақпарат алды

🙌 Бұл жәрмеңке – жұмыс іздеп жүрген жандарға тамаша мүмкіндік. Егер сен:
✔️ Ерік-жігері мықты
✔️ Жауапкершілігі жоғары
✔️ Қоғамға пайдаңды тигізгің келетін азамат болсаң — ТЖД сені күтеді!

📲 Толық ақпарат пен құжат қабылдау бойынша мәлімет алу үшін:
👉  ресми сайтқа кіріңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1049868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді