
2025 жылғы 14 тамызда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын «Ашық есік күніне» қатысу үшін шақырады.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Сіздерді қызықтыратын мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, жәрдемақының барлық түрлерін тағайындау бойынша жауап береді. Мүгедектік мәселелері бойынша нормативтік құжаттар бойынша, оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша түсініктемелер береді.
Өткізу мекен-жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64, 120-кабинетте сағат 10.00-16.00.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1049859?lang=kk
Жауап қалдыру