
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарлау және жедел басқару орталығының (ЖжЖБО) базасында кезекші қызметпен және диспетчерлік құраммен «Ықтимал террористік қауіп туралы ақпарат түскен кездегі іс-қимыл тәртібі» тақырыбы бойынша жоспарлы оқу сабағы өткізілді.
Өткізу мақсаты:
Жедел персоналдың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюдың практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау.
Практикалық бөлім кезінде қызметкерлерге нақты жағдайларға жақын ситуациялық кіріспе ұсынылды:
1. Ғимаратта жарылыс қаупі бар анонимді қоңыраудың келуі.
2. Қоғамдық орында күдікті иесіз затты табу.
3. Террористік қауіп-қатері бар электрондық пошта арқылы хабарлама алу.
Әрбір кіріспе алгоритм бойынша іс-әрекеттермен қатар жүрді: ақпаратты қабылдау және тіркеу, талдау және бастапқы бағалау, басшылықты хабардар ету, шұғыл және арнайы қызметтерді хабардар ету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
ТЖД басшылығы тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастыру және террористік қауіп-қатерлерге ден қою жүйесін нығайту үшін осындай сабақтарды тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті.
Материал Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050070?lang=kk
Жауап қалдыру