
Бүгінгі жиында елді мекендерді абаттандыру, күзгі-далалық жұмыстар, шөп жинау және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері талқыланды.
🌿 Елді мекендерді абаттандыру
“Таза Қазақстан” акциясына 7 632 адам, 100 кәсіпорын мен ұйым, 36 техника жұмылдырылып, 168 көше, 13 саябақ тазартылды, 1960 тонна қоқыс шығарылды.
26 ескерткіш ретке келтіріліп, 84 әлеуметтік нысан, 25 су айдынының жағалауы қалпына келтірілді. 1500 ағаш пен көшет отырғызылды.
🌾 Күзгі-далалық жұмыстар
Ауданда 158 407 га жерге жаздық дақылдар егілді. Көктемгі егіс толық аяқталып, тапсырма 100,9% орындалды. Қазіргі таңда егін ору жұмыстары жүріп жатыр – 10 181 га алқап жиналды.
🚜 Шөп жинау науқаны
2025-2026 қыстау кезеңіне 90,1 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Қазіргі уақытта 81 033 тонна дайындалды.
📊 Ауыл шаруашылығы санағы
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту және өндіріс тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1050066?lang=kk
Жауап қалдыру