1 қыркүйек қарсаңында кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдау үшін 83 мектеп ашу жоспарланып отыр.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралды. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында айтылған «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын еліміздің барлық білім беру мекемесіне енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Отырыста Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер министрліктерінің басшылары, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

«Балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында. Отаншыл, білімді әрі жасампаз ұрпақ тәрбиелеу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы. Оқушылар мен студенттердің жайлы оқуын қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелерін салу және жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қыркүйек айында 115 мың жаңа оқушы орнына арналған 83 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 57 білім ошағы пайдалануға беріледі. Олардың толыққанды жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету – маңызды міндет», — деген Олжас Бектенов, мектептердегі үшауысымды оқыту мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келе жатқанын атап өтті.

Премьер-министр еліміздің 9 өңірінде нысанды аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдету қажет екеніне тоқталды. «Самұрық-Қазына» қорына әкімдіктермен бірге нысандардың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар еліміздің мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет. Бірқатар өңірде 34 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екені айтылды. Бұлар – Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. Аталған өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын тікелей бақылауға алу міндеттелді. Сонымен қатар физика, химия, биология, робототехника сияқты арнаулы кабинеттерді дер кезінде сатып алу мәселесіне қатысты — 1 қыркүйекке дейін кемінде 200 пәндік кабинетті жабдықтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Толығырақ: https://ortcom.kz/kk/novosti/1754991040

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1050086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді