«Эбола қызбасының алдын алу шаралары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Эбола қызбасының алдын алу шаралары» тақырыбында Түркістан халықаралық әуежайында семинар өткізілді

 

                   Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында   2025 жылдың 13 тамызда  Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау маманы   «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында  «Эбола қызбасының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

                 Семинар барысында тыңдаушыларға Эбола қызбасының клиникалық көрініс, белгілері,  алдын алу тұсіндірілді.

Эбола (Эбола безгегі, Эбола вирустық ауруы)

Ebolavirus туысына жататын вирустардан туындайтын, өте ауыр және өлім-жітім деңгейі жоғары жұқпалы ауру.

Жұқпа көзі

  • Басты табиғи резервуары: жемісқоректі жарқанаттар (Pteropodidae).
  • Аралық тасымалдаушылар: шимпанзе, горилла, маймылдар, антилопалар және басқа да жабайы жануарлар.
  • Адам: науқас адам белгілер пайда болған сәттен бастап сауығып кеткенге немесе қайтыс болғанға дейін жұқпалы болады.

Жұғу жолдары

  • Науқас адамның немесе жануардың қаны, несеп, тер, сілекей, құсық сияқты биологиялық сұйықтықтарымен тікелей жанасу.
  • Осындай сұйықтықтармен ластанған заттармен байланыс.
  • Марқұммен тікелей жанасатын жерлеу рәсімдері.
  • Жыныстық жолмен (вирустың шәуетте бірнеше ай сақталуы мүмкін).
  • Маңызды: ауа-тамшы жолы адамдар арасында дәлелденбеген, тек сұйықтықтың тамшылары шырышты қабыққа тікелей түскенде болуы мүмкін.

Ауру сипаттамасы

  • Жасырын кезеңі: 2–21 күн (көбіне 8–10 күн).
  • Басталуы: кенеттен, дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, әлсіздік.
  • Дамуы: құсу, іш өту, бөртпе, ішкі және сыртқы қан кету, ағзалардың қызметінің бұзылуы.
  • Өлім-жітім деңгейі: штамға байланысты 25–90% дейін.

Алдын алу

  • Арнайы:
    • rVSV-ZEBOV вакцинасы (Заир штамына қарсы), тек жұқпа ошақтарында қолданылады.
  • Арнайы емес:
    • Науқастарды оқшаулау.
    • Медициналық қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарын қолдануы.
    • Байланыста болған адамдарды 21 күн бақылау.
    • Қауіпсіз жерлеу рәсімдері.
    • Халық арасында түсіндіру жұмыстары.
    • Жабайы жануарлармен байланыстан, оларды аулаудан бас тарту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1050464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді