
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин республикада шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Вице-премьер 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланғанын, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алғанын хабарлады. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.
«12,6% мөлшерлемемен “Өрлеу” жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050508?lang=kk
Жауап қалдыру