
Көп жылдар бойы ортақ құндылықтар мен Отанға деген сүйіспеншілік халықты бір арнаға тоғыстырып, түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен жарасымдылықта өмір сүріп келеді. Мұндай ынтымақ мәдени мұрамызды байытып қана қоймай, өзара сенім мен қолдау ахуалын қалыптастырады.
Күнделікті өмірде біз түрлі мәдениет өкілдерінің бір-біріне қолдау көрсетіп, дәстүрлерімен бөлісіп, мерекелерді бірге атап өтіп, маңызды шараларға атсалысқанын жиі көреміз. Осындай тәжірибе алмасу мен адами жылылық қоғамды ашық, берік ете түседі.
Қазақстан – алуан түрліліктің күш пен дамудың қайнар көзі бола алатынын көрсеткен ел. Әр халықтың тілі мен мәдениетіне құрметпен қарау, диалог пен ынтымақтастыққа дайын болу – бәріміздің ортақ жарқын болашағымызды бірге қалыптастыруға жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1050637?lang=kk
Жауап қалдыру