Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың қатысуымен #«ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі аясында Атырау қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы № 80 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» жоспарының 20-тармағын орындау мақсатында, #«ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі аясында Атырау қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің елге деген, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыру. Жастарды қоғамға етене араласуға баулып, азамат ретінде ой-пікірлерін қалыптастыруға ықпал ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1050855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді