Вокзал маңындағы скверді қайта жаңарту аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында мұнда тас төсем толық ауыстырылып, автосуару жүйесі орнатылды, сыртқы жарықтандыру желілері жаңартылып, абаттандыру элементтері қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек бүтін күйінде қалған алынған тас төсем аудандағы басқа аумақтарды абаттандыруда қайта қолдану үшін сақталды.

Аталған саябақ соңғы рет 2018 жылы жөнделген, ал 7 жыл ішінде демалыс аймағының тозығы жеткендігін айта кету керек.

Сонымен қатар жолдың қарсы бетінде Сейфуллин көшесі бойында вокзалдан Пугачев көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жобасы жүзеге асырылды.

Жоба аясында мұнда да тас төсем төселіп, көше жарықтандыру желілері жүргізілді, сәндік перголалар орнатылды, газон егіліп, бұталар отырғызылды және автоматтандырылған суару жүйесімен жабдықталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1050971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді