КЕЛЕС: КЕЗЕКПЕН СУ АЛАТЫН АУЫЛДАРДЫ ТҰРАҚТЫ СУМЕН ҚАМТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында кезекпен ауыз су алып отырған елді мекендерді тұрақты сумен қамту мәселесі аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың қатаң бақылауында тұр. Бұған дейін аудан басшысы осы бағыттағы түйткілдерді шешу үшін нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осы тапсырмалардың орындалу барысын талқылау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтің төрағалығымен жиын өтті. Оған сумен қамту саласында жұмыс істейтін “Сарыағаш ТСЖ”, “Дарбаза ТСЖ” және “Келес қызмет” мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиында ең алдымен “Сарыағаш ТСЖ” өндірістік бөлімшесі қамтып отырған ауылдардың мәселесін шешу жолдары қаралды. Бұл бағытта аудан аумағында екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, “Дарбаза ТСЖ” қызмет көрсетіп отырған аймақтардағы ауыз су мәселесін шешу жолдары да талқыланды. Бұл бағытта қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шаралар пысықталды.
— Президент тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін ауылдарды 100 пайыз ауыз сумен қамту межесі тұр. Бұл бағытта аудандағы 13 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ендігі басты мақсат — кезекпен ауыз су тұтынатын елді мекендерді тұрақты сумен қамту. Қазіргі таңда еліміздегі ауқымды жоба — Өгем өзенінен ауыз су тарту жұмысы қаралуда. Аталған жоба іске асқанға дейін уақытша су тапшылығын жоюға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырамыз, – деді Мақсат Тұрдиев.
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеліп, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау тапсырылды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1051296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді