Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы  облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЫ

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысының Ұйғыр аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2025 жылғы 29 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссия құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) округтік және учаскелік сайлау комиссияның құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың округтік және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.    

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау                                                  2025 жылғы 29 тамызға дейін дүйсенбі – жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін жүзеге асырылады.

 Ұйғыр аудандық мәслихаты

Ұйғыр аудандық мәслихатының  төрағасы –  Н.Е. Есжан.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Шонжы ауылы,  Раджибаев көшесі, 75 үй.

Жауапты адам – Манапова Арзигуль Гопурқызы, № 10 каб., қалааралық телефон коды (872778), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 21232, 21606, 87789551689, электрондық пошта мекенжайы – uigur-maslihat@mail.ru.

 

 

Аудандық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссиясындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:

 

 

Сайлау комиссия атауы

Сайлау комиссия орналасқан объектісінің атауы

Сайлау комиссияның мекенжайы

Бос орындардың саны

Елдімекен

Көше

Үй

 

 

1

2

3

4

5

6

7

 

1

Округтік сайлау комиссиясы

“Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық Мәдәниет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

Шонжы ауылы

Әл-Фараби

61

1

 

2

Учаскелік сайлау комиссиясы

Үлкен Ақсу ауылының бұрыңғы дәрігерлік амбулатория ғимараты

Үлкен Ақсу ауылы

Тохнияз

27

2

 

3

Учаскелік сайлау комиссиясы

«Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Долайты ауылы

И.Сайдимов

33

2

 

4

Учаскелік сайлау комиссиясы

Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының ғимараты

Шонжы ауылы

Әл-Фараби

93

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

Өтініш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1051386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді