«Ботай» арт-галереясында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» халықаралық сүретшілер симпозиумының қатысушыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген ғылым, мәдениет және өнер саласының беделді өкілдері, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция мүшелері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар мәдениетаралық ынтымақтастық, ұлттық мұра мен заманауи өнердің өзара байланысы, сондай-ақ шығармашылық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері жөнінде өзара пікір алмасты.

🔹Кездесуге СҚО әкімі аппаратының  басшысы Руслан Әлішев өнір жетекшісінің атынан симпозиумға қатысушыларға алғыс білдіріп, мәдени шараның маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында симпозиум қонақтарына естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1051746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді