
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебі туралы.
Баяндамашы: А.Б.Шахаров – облыс әкімі
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
- Өзге сұрақтар.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Н. Махамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1051760?lang=kk
Жауап қалдыру