Бақылау объектілеріндегі өтініштер бойынша жағдай туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың І жартыжылдығында  коммуналдық объектілерді бақылау саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 547 өтініш келіп түсті (2024 ж. І жартыжылдықта – 555).

 

35 өтініш немесе барлық өтініштердің жалпы санының 6,4% бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (2024 ж. І жартыжылдықта – 34 немесе 6,1%).

 

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында 17 өтініш немесе тексерілгендердің санынан 48,6% расталды, 18 расталмады (2024 ж. І жартыжылдықта – 21 немесе 61,8%, расталмады – 13).

 

Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға 186 өтініш немесе 34% жолданды (2024 ж. І жартыжылдықта – 159 немесе 28,6%).

 

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 204 немесе 37,3% өтінішке жазбаша түсіндірмелер берілді (2024 ж. І жартыжылдықта – 234 немесе 42,2%).

 

119 немесе 21,8% өтінішті қарау тоқтатылды (арыз берушілер кері қайтарып алды) (2024 ж. І жартыжылдықта -126 немесе 22,7%).

 

Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 2 немесе 5,7% өтініш қаралды (2024 ж. І жартыжылдықта – 6 немесе 17,6%).

 

Расталған өтініштердің сипаты:  

 

– қызметтің басталғаны туралы хабарламай объектінің қызмет етуі;

 

– тұрғын үйлердің жертөлелерінің жай-күйіне, кәріз апаты жойылғаннан кейін дезинфекция жүргізілмеген;

 

– жәндіктер мен кеміргіштерден өңдеу жүргізілмейді, қоқыстардан тазартылмаған.

 

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 4 561 120 тг. сомасына 15 айыппұл салынды (2024 ж. І жартыжылдықта – 9 735 804 тг. сомасына 21 айыппұл), 16  ұйғарым шығарылды (2024 ж. І жартыжылдықта – 22), 4 материал сотқа жіберілді (2024 ж. І жартыжылдықта – 6).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1051916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді