Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының халқымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының халқымен кездесті

15 тамыз күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірқатар маңызды нысандарды аралады.

Сапар барысында облыс әкімі өнеркәсіп және туризм салаларындағы жобалардың жүзеге асу барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Жұмыс сапары аясында араланған нысандар:

Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйі – аудан тұрғындарын жеке қабылдау және халықпен ашық кездесу өткізілді.

Шымбұлақ ауылындағы «АМИРАН» ЖШС зауыты – тағам өнімдерін өндіру арқылы өңірдің өнеркәсіп әлеуетін арттырып отырған кәсіпорын.

Рысқұлов ауылындағы «AYKAN RESORT» демалыс орталығы – туризмді дамытуға және отбасылық демалысқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоба.

Сапардың маңызды бөлігі – аудан тұрғындарын жеке қабылдау және халықпен ашық жүздесу болды. Кездесу барысында облыс  әкімі және аудан әкімі сөз сөйлеп, тұрғындар көтерген мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастырды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1051778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді