
Қалаға деген сүйіспеншілігіңді, оның сұлулығы мен қайталанбас атмосферасын бейнелейтін қысқаметражды бейнеролик түсіріп, құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!
Қатысу шарттары:
Формат: 9:16, 4K сапада
Ұзақтығы: 1 минут 30 секундқа дейін
Тақырып: «Өскеменге махаббатпен»
15–25 тамыз аралығында өтінім мен бейнероликті anuar.qairatuly@bk.ru поштасына жіберу
Instagram-дағы @akimatoskemen және @oskemen_sayasat парақшаларына жазылу
26 тамызда бейнероликті жеке парақшаңызда #СенКөрмегенӨскемен және #УстьКаменогорскДругимиГлазами хэштегтерімен жариялап, @akimatoskemen парақшасын бірлескен автор ретінде белгілеу
Тек авторлық жұмыстар қабылданады, плагиатқа жол берілмейді
Жүлде қоры:
I орын – 300 000 тг
II орын – 200 000 тг
III орын – 100 000 тг
Жеңімпаздар 30 тамыз күні қала күніне орай марапатталады!
Жеңімпаздар Instagram-да ең көп шынайы лайк жинаған жұмыстардың ішінен анықталады.
Жасанды белсенділік пен жалған лайктар есепке алынбайды.
Үздік бейнеролик гала-концерт сахнасында көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1051397?lang=kk

Жауап қалдыру