
Құрметті мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – Сіздердің қызметтеріңізге жүктелген жоғары жауапкершілік пен мемлекеттік маңыздылықтың, қоғам сенімінің символы.
Сіздердің адал, білікті және принципшіл еңбектеріңіз ел бюджетін тұрақтандыруға, экономиканы дамытуға және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Күнделікті қызметтеріңіз үлкен кәсіби шеберлікті, жауапкершілікті және толықтай берілуіңізді талап етеді.
Адал қызметтеріңіз, кәсіби ісіңізге деген адалдықтарыңыз бен Сандықтау ауданының дамуына қосып жатқан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сала ардагерлеріне – ерекше алғыс. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен даналықтарыңыз – жас мамандар үшін сенімді тірек әрі шабыттандыратын үлгі.
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасылық амандық, жұмыстарыңызда жаңа табыстар және болашаққа деген сенім тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1051044?lang=kk
Жауап қалдыру