Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабымен көзделген кепілдіктер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың негізі-2025 жылы Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи белес – еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған бұл негізгі құжат – жай ғана заңдар жиынтығы емес, Тәуелсіздігіміздің тірегі, демократия мен құқықтық мемлекеттің берік негізі.

Конституция – Тәуелсіздіктің символы, өркендеудің өзегі-1995 жылғы Конституция еліміздің демократиялық даму жолына, адам құқықтарын қорғауға және биліктің тиімді бөлінуіне деген ұмтылысын айқын көрсетті. Онда мемлекеттік егемендік, заң үстемдігі, бейбітшілік пен қоғамдық келісім сияқты іргелі қағидаттар бекітілді.Осы жылдар ішінде Конституция заман талабына сай бірнеше мәрте жаңартылып, саяси реформалар арқылы жетілдірілді.

Қазақстан Республикасы   Конституциясының 28-бабының      1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Ата Заңымыз болашақта да мемлекетіміздің тұғыры болып, халқымыздың мүддесіне қызмет ете берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1050982?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді