ҚАРАМҰРТТА АУЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев пен Сайрам ауданының прокуроры Бахытжан Байгозиев Тастемірұлы аудандық салалық мекеме қызметкерлерімен бірлесе Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Басқосуда ауылдағы ағын су мәселесінің өзекті екені атап өтілді. Сонымен қатар, тұрғындар ауыз су, жол, көше жарығы бағыттарындағы өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, алдағы уақытта заң аясында шешу жолдары қарастырылатыны түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1050836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді