Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына жүргізген талдау барысында 19 түрлі тауардың 6 түрі белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылғанын анықтады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар облыс орталығына шындыққа сәйкес келмейтін, яғни нақты бағаларды төмендетіп көрсеткен мәліметтерді ұсынған.
Мысалы, картоптың шекті бағасы 275 теңге болып белгіленсе, оның нақты сатылу бағасы 415 теңгені құраған (+44%). Осыған ұқсас баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдері бойынша да тіркелді.
Заңнама талаптарына қайшы түрде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті мониторинг жүргізілмеген, бұл деректердің бұрмалануына және баға өсуіне бақылаудың болмауына әкелген. Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік дүкендердің жоқтығы анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін баға мониторингі күшейтіліп, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырып сатуға жол бермеу жөнінде жұмыс басталды. Аягөз қаласындағы екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісімге қол жеткізілді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1050715?lang=kk
Жауап қалдыру