
08.08.2025 жылы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану музейінде экскурсия өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани-мәдени дамуына ықпал ету және құқықтық сана-сезімін арттыру болды.
Кездесу барысында музей қызметкерлері ел тағдырындағы Ата Заңымыздың тарихы, сонымен қатар ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен тарихи мұралар туралы мазмұнды баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1050460?lang=kk

Жауап қалдыру