
Ротавирустық инфекция – ротавирустар тудыратын жедел ішек инфекциясы. Ротавирустық инфекциямен әдетте кішкентай балалар жиі ауырады.
Инфекция көзі – айқын немесе жасырын клиникалық белгілері бар науқастар (вирус тасымалдаушылар).
Берілу жолдары:
- фекальды-оральды (ластанған заттардан және қол терісінің кір жерлері);
- ауа тамшылары (науқаспен байланыста болған кезде);
- алиментарлы (дұрыс жуылмаған тағамдарды және ластанған суды тұтыну кезінде).
Инфекцияның алдын алу:
- жеке гигиена ережелерін сақтау (қолды уақытылы жуу);
- тек дұрыс жуылған және дұрыс өңделген тағамдарды тұтыну;
- тек сүзгіден өткен қайнаған суды ішу үшін пайдалану.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ротавирустардың профилактикасы ерекше маңызға ие. Бала ауырған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1050457?lang=kk

Жауап қалдыру