Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін 443 сынама сатып алынып зерттелді, оның ішінде 211 тамақ және 232 тамақ емес өнімдер (тауар).

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде 155 сынамада сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, техникалық регламенттердің талаптарының негізгі бұзушылықтары өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы болып табылады (146 бұзушылық), бұл барлық анықталған бұзушылықтардың 94,2%-ын құрайды. Өндірушілердің орналасқан жері, жарамдылық мерзімі, өндірілген күні туралы ақпарат көрсетілмеген, Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы бірыңғай айналым белгісі жоқ, сондай-ақ мемлекеттік тілде ақпарат берілмеген.

Физика-химиялық көрсеткіштер бойынша 1 сынама (” Крестьянское” тұздалмаған тәтті сары майы, майдың салмақтық үлесі 72,5%, ылғалдылықтың массалық үлесі 32,7%, норма бойынша – 25,0 артық емес), органолептикалық көрсеткіш бойынша 8 сынама, 4 сынама аяқ киімнің икемділігі бойынша 76,26 Н/см(Н), 53,6 Н/см(Н), 47,5 Н/см(Н) және 26,7 Н/см(Н) анықталды, нормада – 21Н/см артық емес, 4 сынама рюкзак бойынша жарық шағылыстыратын элементтері мен арқасының қатты болуы анықталды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарынан тауарды таңдағанда оның таңбалануына және сапасына назар аударуды сұраймыз. Тұтынушылар белгілі бір тауардың неден жасалғанын, оның құрамына не кіретінін, құрамында аллергендер немесе қауіпті заттар бар-жоғын және басқа да маңызды мәліметтерді білуге құқылы.

Тамақ өнімдерін таңбалау – бұл тамақ өнімдері туралы тұтынушылық қаптамаға, көліктік қаптамаға немесе басқа да ақпарат тасымалдаушысына жазулар, суреттер, белгілер, таңбалар түрінде енгізілген ақпарат. Өндіруші (сатушы) өнімді айналымға шығарған кезде ол туралы толық, қажетті, бірмәнді және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті. Таңбалаудың негізгі қызметі – ақпараттық қызмет. Сонымен қатар, таңбалау тауарды сәйкестендіруге арналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1050438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді