
Индер аудандық мәслихатының депутаттары 2025 жылдың 12 тамыз күні депутаттық қабылдауларын Индербор кентінде және Бөдене, Жарсуат, Өрлік ауылдық округтерінде өткізді. Жалпы қабылдауларға тұрғындар келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды.
Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер: балалар ойнайтын алаң салу, полигонның айналасындағы тазалық, тұрғындарды жұмыспен қамту, кент ішілік жолдары мен «Индер-Атырау» тасжолынының жөндеу жұмыстары және т.б. мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың қабылдауда айтылған ұсыныстары мен сұраныстары заңдылыққа сәйкес, тиісті округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшыларына жолданады.
Аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1050369?lang=kk

Жауап қалдыру