🔰 КЕЛЕС: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАЛАР БАСШЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
2025 жылдың 13 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Келес ауданындағы іс сапары барысында Абай ауылында орналасқан “№2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы” КММ-де ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен жекеменшік иелігіндегі мектептердің қызметкерлеріне өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге “Келес ауданы білім бөлімі” ММ-нің жанынан құрылған әдістемелік кабинетінің әдіскері Айып Әлсейт Жарылқасынұлы, «NOMAD LIFE» АҚ-ның Түркістан қаласындағы 4 санаттағы басқарушы директоры Садуақас Сұлушаш Маратқызы және ауданға қарасты кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын тарқата отырып, оны “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да тарқатып өтті.
Кездесу соңында Дінмұхамед Иглікұлы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.
Жауап қалдыру