Бос жердің орнына – жаңа қоғамдық кеңістік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыарқа ауданында, Жамбыл көшесі, 8 мекенжайында заманауи жаңа қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуы жүргізілуде. Бұрын бос жатқан бұл жер телімі енді аудан тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ. Абаттандыру жұмыстарының жалпы аумағы – 0,5 Га м².

 

Жаңа кеңістікте жаяу серуендеуге арналған аймақ пен спортпен айналысуға қолайлы жүгіру жолы қарастырылады. Ол К.Күмісбеков көш, 7 мекенжайындағы, 800 ағаш егілген қоғамдық кеңістіктің жалғасы болмақ. Күзде қосымша көгалдандыру жұмыстары жоспарланып отыр, көлеңке жасау және микроклиматты жақсарту үшін үйеңкі мен тал, сондай-ақ сәндік-гүлдейтін жасыл-желектер отырғызылатын болады.

 

Сондай-ақ, заманауи көше жиһаздары орнатылып, аумақ қосымша жарықтандырылмақ.

 

Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1050044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді