Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес 2025 жылдың 12 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Арыс қаласындағы іс сапары барысында өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кәсіпкерлік субьектілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Мұхит Әсет Нұржанұлы, өңірдегі Жапкерлік шектеулі серіктестіктердің өкілдері, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтардың иелері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дамир Серғазыұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндірме бере отырып, жұмыскерлерді сақтандыру шарттарының ережелері, мерзімі, сақтандыруы тиіс компаниялар мен жеке кәсіпорын мекемелері туралы талдау жасап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да ескерту жасады.
Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.
Жауап қалдыру