🔰 ОРДАБАСЫ: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ МІНДЕТТЕРІ МЕН ОНЫ ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестесіге сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызының 2025 жылдың 12 тамызындағы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатындағы іс сапары Ордабасы ауданында жалғасын тапты.
 
🔹 Ордабасы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті шарттарының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы өз түсіндірмесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне талдау жасап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1049724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді