«Мамлют орман шаруашылығы» КММ-де «Жасыл ел» республикалық жобасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жасыл Ел» республикалық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап «Мамлют орман шаруашылығы» КММ-де 25 жауынгер жұмысқа қабылданды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарды аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға белсенді қатысуға тарту, табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Жұмыс барысында «Жасыл Ел» жауынгерлері орман екпелерін күту, аумақтарды жинау, мектеп және егіс бөлімшелерін суару және отау жұмыстарына қатысады. Жұмыстың әр күні – аймақтың табиғаты мен экологиясына қосқан үлесі. Жастар тәртіптің, жауапкершіліктің және табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жоғары деңгейін көрсетті.

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ орман шаруашылығы қызметкерлері мен жастардың бірлескен күш-жігері біздің өлкемізді жасыл, таза және әдемі ететініне сенім білдіреді.

Орманды молықтыру жөніндегі инженер және орман өсіру
басқармасының бастығы П. С. Қосоурова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1049346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді