
Абай облысында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы әрі ағартушысы хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай ауқымды шара өтті.
Аталған шараға Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
Айтулы күні Жидебайдағы ақынның мазарына барып, әруағына тағзым етуден басталды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін аралады.
Одан кейін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған зиялы қауым ат басын Абай Құнанбайұлының туған жері – Қарауыл ауылына бұрды. Мұнда әр облыстың қазақ үйі тігіліп, шара – дүбірлі тойға ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1049059?lang=kk

Жауап қалдыру