Еліміздің абзал азаматы, қоғам қайраткері, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті деген қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өмір жолын ел мен халықтың игілігіне арнаған марқұмның еңбегі мен өнегесі ел жадында мәңгі сақталмақ. Ол кісі қай салада болмасын отансүйгіштігімен, әділдігімен, парасатымен ерекшеленіп, сан жылдар бойы игі істердің ұйытқысы болды. Түркістан өңірінің дамуына, қоғамдағы татулық пен бірліктің нығаюына өлшеусіз үлес қосты.
Жарылқасын Әзіретбергенұлы әрқашан ел мүддесін биік қойып, қоғамдық бастамаларды қолдап, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отырды. Оның даналығы мен өмірлік тәжірибесі көпке үлгі болды. Өмірінің соңына дейін туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне, халықтың ынтымағы мен ырысына қызмет етті.
Марқұмның жарқын бейнесі мен елге сіңірген еңбегі халық жадында сақталады. Оның есімі құрметпен аталып, өнегелі ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына және барша жерлестерімізге қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын!
Әзімбек Пазылбекұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1052224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді