
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылатын “Шығыс Қазақстан облысының азаматтық бастамаларын қолдау ресурстық орталығы” жобасы шеңберіндегі “ШҚО ішкі саясат басқармасы” ММ
300 000 – 500 000тг
Байқау 2025 жылғы 5 тамыз мен 29 тамыз аралығында өтеді
Азаматтық бастамалардың жарияланған тақырыптары келесілерге бағытталуы керек:
1) стихиялық полигондарды жоюды, аумақты көгалдандыруды, көпшілік пайдаланатын орындарды, бос уақытты өткізуді, аулаларда, көшелерде қоғамдастық жиналыстарын ұйымдастыруды қоса алғанда, тұрғылықты жерлерін жақсарту үшін тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыруға;
2 қоғамдық бақылау және көпшілік пайдаланатын орындардың (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және басқа да объектілер) санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қалалар мен ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруға;
3) тұрғындар арасында экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу, қоқысты жинау, сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру, жергілікті қоғамдастықтың экологиялық мәселелерін шешуге;
4) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың өмір сүру сапасын, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтарын қорғауға және олардың мүдделерін ілгерілету үшін жәрдемдесуге;
5) аулалық қоғамдастықтардың жұмысын жандандыруға және дамытуға: көппәтерлі үйлер тұрғындарының бастамаларын қолдау, белсенді көршілер қоғамдастықтарын құру, бірлескен іс-шаралар өткізу, балалар мен ересектердің бос уақытын ұйымдастыру, аула инфрақұрылымын жақсарту және тату көршілік байланыстарды нығайту.
6) жастар мен ересектер арасында волонтерлікті дамытуға: басқаларға көмектесуге, аумақтарды абаттандыруға, іс-шаралар мен акцияларды өткізуге, бей-жай емес азаматтарды өз қаласының немесе ауылының өміріне тартуға бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдау;
Азаматтық бастама 2025 жылғы қыркүйек мен қараша аралығында іске асырылуы тиіс
Google формасы – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfJMj6U7Vxe6qUGlzO8bXOp9EbOmcX3eqdQ6xJhX-CqijH_FA/viewform
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1049004?lang=kk
Жауап қалдыру