
Полицейлер жеке телефондар мен банктік қосымшаларға қол жетімділікті беру кезінде қырағылық танытуға шақырады. Құпия сөздеріңіз бен PIN -кодтарыңызды ешкімге айтпаңыз – бұл жинақ ақшаңызды қорғаудың маңызды шарасы.
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Зейнеткер 2025 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында оның банктік картасынан 1 млн.932 мың теңге көлемінде ақша ұрланғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қатысуы тексеріліп жатқан адамдарды анықтады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция департаменті азаматтарға өздерінің жеке және қаржылық деректерінің қауіпсіздігіне мұқият қарауды ұсынады.
Екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз, парольдерді көрінетін жерлерге жазбаңыз және электрондық құрылғыларды ешкімге бақылаусыз пайдалануға жол бермеңіз. Есіңізде болсын: сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1048920?lang=kk
Жауап қалдыру