
2025 жылғы 31 шілде – 1 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы Е. Қыдырәлі қызметтік іссапармен Алматы қаласына барды.
Сапардың мақсаты — азаматтық қорғаныс саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруға арналған «Сирена» автоматтандырылған ақпараттандыру жүйесінің қолдану тәртібімен танысу болды.
Іссапар барысында Е. Қыдырәлі Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының азаматтық қорғаныс саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде болып, «Сирена» жүйесінің техникалық мүмкіндіктері, іске қосылу алгоритмі және халықты жедел хабардар ету жүйесінің тиімділігі туралы ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1048886?lang=kk
Жауап қалдыру