Қорашиға газ келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 тамыз – Байғанин ауданы Қораши ауылы тарихындағы айтулы күн. Енді ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрмек.

Қорашиде 61 үй, мектеп, амбулатория, кітапхана және клуб ғимараты газ желісіне қосылды. Жобаның жалпы құны – 216,6 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «КазПромСтройГрупп» ЖШС атқарды.

Салтанатты рәсімді аудан әкімі Айбек Көпенов ашып, құттықтау сөзін жеткізді.

«Газ – бұл тек қолайлы өмірдің белгісі ғана емес, денсаулық, қауіпсіздік және уақыт үнемі. Қазір аудан халқының 75,7%-ы газбен қамтылған. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 83,5%-ға жетеді», – деп атап өтті ол.

Іс-шараға облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1048707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді