Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар қорытындыланды. Мерейтойдың негізгі шаралары бүгін ақынның туған жері – Абай ауданында өтті
 
🔹«Абай күніне» арналған салтанатты шараға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация Абай ауданына келді. Абай күніне арналған салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мерейтойға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Бұдан кейін сөз алған облыс әкімі Берік Уәли жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, Абайдың 180 жылдығы биыл алғаш рет онкүндік ретінде аталып өткенін айтты.
 
🔹Мерейтойға келген түркістандық қонақтар да «Бала Абайдан – дана Абайға» атты театрландырылған тарихи қойылым мен «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты концертті тамашалады. Сонсоң Жидебайға барып, Абайдың мұражай-үйін аралады. Кесенесіне зиярат етіп, құран бағыштады.
 
🔹Айта кетейік, мұнда Президенттің қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталды. Еліміздің әр өңірі бір нысаннан салып береді. Кеше Маңғыстау Достық үйінің құрылысын бастаса, Шымкент шығармашылық орталықты, Түркістан көрме орталығын, Астана келешек мектебін, Ақтөбе жекпе жек орталығын, Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын салуды, Шығыс Қазақстан Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1048703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді