
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана төрінде ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің әр ауданынан сөз қадірін білетін қатысушылар жиналды. Қатысушылар қатарында дәрігер де, мұғалім де, студент те, тіпті әскер қатарындағы жауынгер де бар.
– Бұл байқауға 18-35 жас аралығындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысуда. Олар түрлі аудан, қалалардан келді. Қатысушылар Абайдың қарасөздерін, әндерін, өлеңдерін оқып өзара жарысады,
Байқау негізгі үш кезеңге жалғасты. Алғашқысы – көркемсөз оқу шеберлігі. Қатысушылар ұлы ақынның білім, ғылым, өнер тақырыптарына арналған өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.
кінші кезең – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқу. Соңғысы – әншілік өнер. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді мәңгілік әуендері сахнада қайта жаңғырды.
Жеңімпаздарға дипломдар, алғысхаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1048665?lang=kk

Жауап қалдыру