Қарақия станциясы елді мекенінің құрылғанына 60 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия станциясы елді мекені 1965 жылы СМП-18 болып құрылған. Қазіргі уақытта 611 халқы бар, тұрғындардың басым бөлігі темір жол, білім және әр түрлі салада қызмет атқарады.

60 жылдыққа арналған мерекелік шараға, аудан әкімі Сымбат Төретаев, әкімінің орынбасарлары, қонақтар және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында аудан әкімі, ауыл тұрғындарын мерейлі мерекелерімен құттықтап, Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.

Мерейлі мереке «Қарақия станциясы» атындағы саябақта өтті. Жағалай тігілген 16 қанатты үйлер мерекенің сәнін келтірді. Саябаққа жиналған халықтың қарасы көп болып, бірін – бірін мерекемен құттықтап жатты.

Сонымен қатар, аудан өнерпаздарының мерекелік концерті және спорттық шаралармен жалғасады. Қарақия станциясы елді мекенінің 60 жылдық мерекесі құтты болсын!

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1048633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді