
Үш күнге созылатын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Республикалық “Жеті қазына” ұлттық фестивалі аясында келесі номинациялар бойынша жарыстар ұйымдастырылады: «Ер жігіт», «Қыран бүркіт», «Жүйрік ат», «Құмай тазы»,”Садақ ату”, «Берен мылтық» және қазақ күресі.
Қазіргі уақытта стадионда “Садақ ату” жарысы өтіп жатыр, ал Жастар ресурстық орталығында зияткерлік ойын — “Тоғызқұмалақ” бойынша турнир өтуде.
Сондай-ақ, бүгін «Ер жігіт» байқауының алғашқы кезеңі басталды. Бұл кезеңде қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен — қой көтеру, күрес, ат үстінде жерден тиын алу секілді сайыстарда бақ сынауда.
Сонымен қатар, қазақ күресі бойынша жеке жарыстар өтіп жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1048551?lang=kk

Жауап қалдыру