
2025 жылдың 8 тамызында №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары Карасай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп “Конституция – әділет пен парасат жолы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың мәні мен маңызы, сондай-ақ құқықтық мемлекет құрудағы рөлі талқыланды.
Дәрігерлер Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы, әділеттілік пен парасаттылықты насихаттаудағы маңыздылығына назар аударды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды өзекті әрі маңызды мәселелер ретінде қарастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1048010?lang=kk
Жауап қалдыру