2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында Тарбағатай ауданында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды.
Бұл игі шара – мектепке дайындық кезеңінде қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсете отырып, олардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылып отырған акция аясында мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім, сөмке сияқты қажетті заттар табысталады. Бұл – жай ғана көмек емес, бұл – үміт, сенім, болашаққа бастар ізгі ниет. Қоғам болып бір баланың жүзіне күлкі сыйлай алсақ – үлкен жақсылықтың басы сол болмақ.
Аудан, ауыл көлеміндегі мекемелер, кәсіпкерлер, жанашыр азаматтар белсенділігі – ел бірлігінің, рухани биіктігінің көрінісі.
Құрметті Тарбағатай ауданының тұрғындары, баршаңызды «Мектепке жол» акциясына белсенді атсалысуға шақырамыз! Балалардың шат күлкісі мен жаңа білімге деген құлшынысы – біздің ортақ жеңісіміз! Барлығы – бала болашағы үшін!
Жауап қалдыру