Терроризмге қарсы комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасовтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.

Ауданның терроризмге қарсы комиссиясы отырысының жұмысына оның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібі аясында аудандағы діни ахуалға, жастар ортасын радикалды діни идеологиядан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты мәселелер қаралды. Терроризм актісінің салдарын азайту және жою бойынша шұғыл ден қою отрядтарының дайындығы, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, әзірлікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қозғалды. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша діни қатынастар саласындағы ақпараттықтүсіндіру жұмыстарын күшейтуге, жылу беру кезеңінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Жамбыл ауданының тұрғындарын әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге бағытталған тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/1047805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді