
«Hydraulic systems Kazakhstan» ЖШС (Қазақстанның гидравликалық жүйелері) – қостанайлық компания, 2017 жылдан бастап мобильді және индустриялық гидравлика үшін қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды жеткізу саласында қарқынды дамып келеді.
Кәсіпорынның тау-кен өндіру кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының индустриялық және мобильді гидравликасында қолданылатын жоғары қысымды жеңдерді (РВД) жөндеу, дайындау және сервистік қызмет көрсету бойынша жеке цехы бар. Цех жетекші еуропалық фирмалардың заманауи жабдықтарымен, соның ішінде 1 300 барға дейінгі қысыммен РВД тексеруге арналған стендпен жабдықталған. Жоғары білікті мамандар серіктес компаниялардың зауыттарында тұрақты тағылымдамадан өтеді.
«Hydraulic systems Kazakhstan» ЖШС РВД және фитингтердің әртүрлі типтік өлшемдерінің сапалы жиынтықтауыштарын шығарады, олардың қоры шамамен 200 млн.теңге сомасына тұрақты түрде қолдау көрсетіледі. Өндірілген РВД кепілдігі 6000 сағатты құрайды. Компанияның өнімі жергілікті қамту үлесі 70% – дан асатын CT KZ сертификатына ие.
Компания 2021 жылдан бастап «Даму» қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде «Бизнестің жол картасы-2025», «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламаларына қатысады. Компания «ForteBank» АҚ-ға жаңа жабдықты сатып алуға және мемлекеттік қолдаумен айналым қаражатын толықтыруға кредит беру үшін бірнеше рет жүгінген. Мемлекет есебінен пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың арқасында кәсіпкерге кредиттік жүктеме, ал кепілдік берудің арқасында – кепіл ауыртпалығы төмендетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/1047772?lang=kk
Жауап қалдыру