Қарақыстақ ауылдық округінде Абай Құнабайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.

2025 жылдың 6 сәуірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мереке аясында Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде ауқымды іс-шара өтті. Іс-шарада ұлы ақынның өміршең өлеңдері оқылды, ұлағатты қара сөздерінен үзінділер келтірілді, сахналық қойылым қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Серікқалиқызы ұлы Абайдың шығармашылығына тоқталып, іс-шараға атсалысқан мәдениет үйі қызметкерлеріне, аймақ кітапханашыларына өз алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-karakystak/press/news/details/1047717?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді